Өңірде жер асты сулары тартылып жатыр. Мамандар Келес өзені маңын бұрғылап, жер асты суларын іздестіруде. Гидрологтар бұл аумақтан 45 метрден су шығады деп болжаған. Алайда бұрғылау қызметінің жұмысшылары жерді 200 метрге дейін қазса да, тіршілік нәрін таба алмапты. Қазіргі таңда Келес ауданындағы Алпамыс батыр, Біртілек, Игілік ауылдарын ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер астындағы табиғи су көздерін іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Бірақ, мамандардың айтуынша нәтиже шамалы көрінеді. Сондықтан, жауаптылар ескі су арналарын қайта тазалап, тіршілік нәрін өткізу қуаттылығын арттыру үшін көрші елдермен бітімге келу қажеттігін айтуда. Бүгінде жер асты суларын терең тазартып, ауыз су ретінде тұтыну мүмкіндіктері қарастырылып жатыр.