Түркістанның жолдары тақтайдай тегіс. Бұлай деуімізге себеп - облыстағы жолдардың сапасына қанағаттану деңгейі 93 пайызды құрайды екен. Бұл туралы бүгін БАҚ өкілдерімен өткен баспасөз брифингінде облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы айтты. Қуатжан Әзімбайұлының сөзінше, биыл да жол сапасын арттыруға баса назар аударылады.