Түркістан
EN

Түркістан - Қостанай рейсі ашылады

100
11.01.2024

Енді Түркістаннан тікелей теріскейге ұшуға мүмкіндік бар. 14 қаңтардан бастап QAZAQ AIR әуекомпаниясы Қостанай-Түркістан-Қостанай бағыты бойынша әуе рейстерін іске қосады. Рейстер сейсенбі және жексенбі күндері аптасына 2 рет орындалады. Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар авиарейстердің құны бір бағытта 27 000 теңге. Ал 14 жасқа дейінгі балаларға 50% жеңілдік беріледі. Сонымен қатар, ұшу күнін өзгерту және билеттерді қайтару тегін.