«Жұмыстан заңсыз қуылдық!». Осылай деген шымкенттік экс-полицейлер қалалық прокуратура алдына жиылды. Айтуларынша екі бірдей ротаның қызметкерлеріне жазықсыздан жала жабылған. Яғни рота командирлеріне пара берді деген айып тағылып, антикор мен прокуратура жұмыстан қуған. Алайда экс-полицейлер аталған қаражат өлім-жітімге жиналғанын айтады. Толығырақ тілші материалында.