Түркістан облысында пәтер ұрлығы жиілеп барады. Алғашқылар қатарында Сарыағаш, Жетісай аудандары мен Түркістан қаласы бар. Жалпылама тоқталсақ, өткен жылы өңірде 5074 құқық бұзушылық анықталған. Солардың басым бөлігі - пәтер тонау мен мал ұрлығы. Сондай ақ, ел ішінде алаяқтар да көбейген. Нақтырақ айтсақ, 2023 жылы ауыл шаруашылығы кеңінен дамыған аймақтардағы мал ұрлығының саны артқан. Олардың үлесі 206-ға жеткен. Оның 26-сы Төлеби, 25 қылмыс Келес аудандарында тіркелген.