Бұдан былай такси жүргізушілері жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, салық төлеуі тиіс. Ол үшін алдымен жүргізуші салық органдарына барып немесе мобильді қосымша арқылы онлайн өтінім береді. Бұл туралы Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкіметтің баспасөз отырысында хабарлады. Сондай-ақ, ол салық кодексіне өзгерістер енгізуде жоспарлап отырғанын айтты. Мәселен такси жүргізушісі оператор арқылы жұмыс істеп, салықты бюджетке аудара алады. Ал, салық көлемі табыстың небәрі 1 пайызына тең. Ал егер такси жүргізушісі қолма-қол ақша алып, салық төлеуден жалтарса, операторлар тарапынан мұндай жүргізушілердің рейтингі төмендейді. Осылайша оған деген тапсырыс күрт төмендейді.