Қазақстанда алты жасқа дейінгі 800 мыңға жуық бала қауіпті инфекцияға қарсы вакцина салдырмаған. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша сырқаттанғандардың 84 пайызы вакцина алмаған балалар. Былтыр желтоқсанда қарашамен салыстырғанда 11 өңірде сырқаттану өскені байқалған. Қостанай, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары мен Астана қаласында вакцинациялау деңгейі 55 пайыздан төмен.