Жиһазға тапсырыс береміз деп, алаяққа алдандық! Осылай деген оңтүстік өңірдің тұрғындары Шымкент қаласындағы Алаш базарына жиылды. Айтуларынша дәл осы базарда жұмыс істеп тұрған жиһаз цехы тапсырысты тиімді бағамен орындаймыз деп, азаматтардан ақша алып, із-түссіз жоғалған. Не жиһаз жоқ, не ақшаларын қайтара алмай жүрген халық енді құзырлы органдардың көмегіне жүгінуге мәжбүр.