Еліміздегі 1,5 мыңнан астам гидротехникалық құрылыстың 300-ге жуығы әбден тозған. Бұл туралы Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі баяндады. Сырым Шәріпхановтың сөзінше биыл тасқын болу қаупі жоғары. Синоптик мамандар қаңтар-ақпан айларында ауа температурасы нормадан 1,2 градус жылы болатынын айтып отыр. Оның үстіне, қар да қалың. Сондықтан тасқынға қарсы жедел әрекет ету үшін 40 мыңға жуық адам, 11 мың техника, 500-ден астам жүзу құралы мен 3 мыңнан астам мотопомпа сақадай сай тұр. Ал Үкімет басшысы министрге жағдайды бақылауда ұстап, әкімдерге дайындықты қазірден бастауды тапсырды.