Түркістан
EN

Көктемгі су тасқынына дайындық пысықталды 

183
09.01.2024

Түркістан облысындағы 20 елдімекенді су басу қаупі сейілді. Өңірде көктемгі су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары пысықталды. 6 аудан, қаладағы тасқын суды өткізетін 47 шақырымнан астам өзен арналары мен арықтар тазартылған. Облыс әкімі жауапты сала мамандарына айдындар мен су қоймаларын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Тасқынға қарсы іс-шараны толық атқармаған аудан, қала әкімдеріне жұмысты ширатуды міндеттеді.