Шымкентте қоқыс жәшігінен жаңа туылған нәрестенің өлі денесі табылды. Көкек ана туған еті баласын қаладағы Рысқұлов көшесіндегі контейнерге қалдырған. Пакеттегі мәйітті коммуналдық қызметкерлері тазалау жұмыстары кезінде көріп қалыпты. Сосын бірден полицияға хабар беріп, оқиға орнына жедел-тергеу тобын шақырыпты. Қазір қайғылы оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары басталды.