Түркістан
EN

Мобильді төлем қабылдамаған кәсіпкер 60 АЕК айыппұл төлейді

76
08.01.2024

Енді кәсіпкер төлемді тек қолма – қол аламын деп тыйым сала алмайды. Егер осындай олқылық орын алса, шағым түсіре аласыз. Тарқатып айтсақ, тұтынушы төлемді арнайы қосымша немесе банк картасы арқылы төлем жасай алады. Сондай ақ, түбіртек беруге міндетті. Егер дүкен иесі картамен қабылдаудан бас тартса, шағым түсіруге құқығыңыз бар. Ол үшін Вай фон мобильді қосымшасы арқылы арыз жолдай аласыз. Тиісінше, кәсіпкер 60 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалайды.