Маңғыстау облысында аққулар әлі қырылып жатыр. Қаракөл көлінің жағалауынан 600-ден аса аққудың өлексесі табылған. Эколог мамандар арнайы талдаулар жүргізіп, қанаттылар құс тұмауын жұқтыру себебінен өлуі мүмкін деген болжам айтып отыр. Ал Маңғыстау облысының ауыл шаруашылығы басқармасы маңғаз құстардың қоректің тапшылығынан өліп жатқанын жеткізді. Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жағдайды зерттеу үшін Алматыдан орнитолог мамандарды шақыруды жөн көріп отыр.