Павлодар облысында шахтаға құлап кеткен автобус табылды. Бұл туралы облыс әкімі Асайын Байханов әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Іздестіру жұмыстарына елдегі жалғыз өндірістік георадар қолданылған. Құрылғы 5 метр тереңдіктен топырақ басып қалған металл затты көрсеткен. Ол автобус болуы мүмкін деп болжанып отыр. Енді оны қазып шығару үшін шұңқырға экскаватор түсіріледі. Еске сала кетейік, автобус 150 метр тереңдіктегі ойыққа құлап кеткен. Көлікте 4 адам болған. Табылған 2 адамның денесі жер қойнына тапсырылды.