Түркістан
EN

Құс фабрикасынан 1800 жұмыртқа жымқырған жұмысшылар ұсталды

60
08.01.2024

Жұмыртқа жымқырамын деп ұсталды. Сарыағашта құс фабрикасы қоймасынан 1 800 ге жуық жұмыртқа ұрлаған күдікті ұсталды. Осылайша кәсіпкерге 150 мың теңге көлемінде шығын келген. Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде күдікке ілінген көлік анықталып, тексерілді. Ал, автокөлікте үш ер адамнан шелекке салынған көп жұмыртқа табылған. Олар 30-35 жас аралығындағы құс фабрикасының қызметкерлері екен. Белгілі болғандай, олар күндізгі уақытта 10 шелектен де артық жұмыртқаны дайындап кетіп, түн жарымда қоймадан алып шыққан. Қазіргі таңда күдіктілерге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.