Әлем кереметтерінің бірі - Түркістанда. 16 ғасырда Сауран қалашығында бой көтерген қос тербелмелі мұнара талайларды тамсандырған. Кірпіштен өрілген 14 метр биік мұнараның құлап кетпей тербелуі көпшіліке құпия болған. Сол кездің кереметіне айналған мұнараның 6 қатар іргетасы бүгінге дейін бүлінбей сақталып келеді. Оның құпиясы неде? Тілшіміз Әлия Мұхтарқызы зерттеп көрді.