Былтыр Түркістан периниталдық орталығында 10 мыңнан астам сәби дүниеге келген. Мамандардың сөзінше, жыл сайын бала туу көрсеткіші ұлғайып келеді. Ал ана мен баланың амандығы – дәрігерлерге аманат. Орталықтағы ақхалаттылар аналар құрсақтағы перзентін аман-сау дүниеге әкеліп, бауырына басу үшін жанын салып жәрдемдеседі. Осы еңбегі еленіп, мекеме облыс әкімінің арнайы марапатына ие болды.