Түркістан
EN

Ауыл шарушылығы министрі: "Ет қымбаттауы мүмкін"

84
19.10.2021

Қазақстанда еттің бағасы қымбаттайды. Ауыл шаруашылығы министрі осылай деп елді елең еткізді. Ербол Қарашөкеевтің айтуынша, биылғы қуаңшылыққа байланысты жем-шөп бағасы өскені баршаға мәлім. Сәйкесінше, ет бағасын ұстап тұру қиынға соқпақ. Дегенмен отандық кәсіпкерлер ішкі нарықты қамтамасыз етуге қауқарлы дейді министр. Мәселен, бүгінде отандық агроөнеркәсіп саласы сиыр етіне деген сұранысты 97, ал жылқы етінің сұранысын 98 процентке қамтып отыр. Ал қой етімен нарықты түгел қамтамасыз етеді. Сондықтан сырттан тасымалдауға әзірге қажеттілік жоқ.