Түркістандықтар жыл он екі ай қауын-қарбыз тұтынады. Негізінен жаз бен күз айларында пісетін өнімдердің саудасы қыста да қызып тұр. Бақша дақылдарының қаңтарға дейін қалай сақталғанына таңқалған жұрт таласа сатып алып жатыр. Тіпті, бағасы бірнеше есе қымбат болғанына қарап жатқан жоқ. Жол бойындағы сауда сөрелерінде самсап тұрған жемістерді көрген өзге өңірлерден келген қонақтар мен шетелдіктер таңқалып жатыр. Жазда сұраныста болатын өнімді қақаған қыста қалай сақтауға болады? Бұл бізге де қызық болып тұр. Ендеше бірге білейік.