Орал қаласында дәмханада жарылыс болып, соңы өртке ұласты. Алдын ала болжам бойынша газ-ауа қоспасының жарылысы болған. Салдарынан 3 адам мерт болып, 6 адам үйінді астынан құтқарылды. 5-еуі ауруханада ем алуда. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Өрт 2 қабатты нысанның 25 шаршы метр аумағын шарпып, ғимараттың 110 шаршы метр бөлігі қираған. Оқиға орнына Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің арнайы барған. Тілсіз жау жарты сағатта ауыздықталды. Қазір үйіндіні аршу жұмысы жүргізіліп жатыр, себебі қиранды астында тағы да адамдар болуы мүмкін деген болжам бар. Өрттің шығу себептері анықталуда.