Түркістан
EN

Түркістан облысында 2 адам тамақтан уланды

73
05.01.2024

Түркістанда 2 адам тамақтан уланды. Олардың бірі жансақтау бөлімінде жатыр. Науқастар Созақ және Ордабасы аудандарының 34-39 жастағы тұрғындары. Олар үй жағдайында дайындалған консервіленген қияр тұтынған. Нәтижесінде, мазасыздану, құсу, бас айналу сынды белгілер байқалған. Бүгінде созақтық 34 жастағы азаматтың жағдайы ауыр. Ал екіншісі аудандық ауруханада ем қабылдауда.