Қазақстандықтардың мобильді аударымдары бақылауға алына бастады. Яғни, үш ай қатарынан шотыңызға әр түрлі адамнан 100- ден астам аударым жасалса, салық органдары сізді кәсіпкер деп таниды. Оны естіген кейбір саудагерлер аударым арқылы төлем қабылдаудан бас тартып, тек қолма-қол ақша алуға көшкен. Қала берді, бұл жүйе ауыл мен қала арасында қатынайтын көлік жүргізушілерін де уайымға салған. Толығырақ сюжеттен көрейік.