Түркістан облысында жантүршігерлік жол апатынан алты адам қаза тапты. Қайғылы оқиға Жетісай-Шардара автожолында болған. "Opel" автокөлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, "Audi-100" маркалы машинамен соқтығысқан. Қайтыс болғандардың арасында кәмелет жасына толмағандар да бар. Қалған 6 адам түрлі дене жарақаттарымен аудандық аурханаға жеткізілді.