Түркістан
EN

Шалғай ауылда жаңа медициналық нысан ел игілігіне берілді

102
04.01.2024

Түлкібас ауданы Тұрар ауылында жаңа медициналық орталық ел игіліне берілді. Нысанның ашылуында Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты Дархан Қыдырәлі, өңірлік денсаулық басқармасының басшысы Асхан Байдувалиев және өзге де халық қалаулылары болды. Заманауи орталықта 1 жалпы дәрежелі дәрігер, фельдшер және 1 медбике қызмет етеді. Бұдан өзге, қолжетімді мединицалық көмек көрсету мақсатында 15 елдімекеннің 4-еуінде заманауи жаңа нысан соғылған. Бүгінде оның 3-еуі пайдалануға берілген. Ал келесі жылы 5, 2025-те  6 елді мекенге заманауи фельдшерлік-акушерлік пунк соғу жоспарлануда.