Түркістан
EN

Майқала және Ақбала мөлтек аудандары көгілдір отынға қосылды

198
03.01.2024

Шардара қаласының Майқала және Ақбала мөлтекаудандары көгілдір отынға қосылды. Елдімекендегі 1460 тұрғын үйге газ құбыры тартылып, үй-үйге жеткізілді. Инфрақұрылымдық жоба Мемлекет басшысының еліміздің барлық аймағын газдандыру туралы тапсырмасына сәйкес жүзеге асты. Осылайша Шардара қаласында халықтың 90 пайыздан астамы көгілдір отынға қол жеткізіп отыр. 

Жарты ғасырға жуық көмір жағып, үй жылытып отырған аудан халқы бұл күнді көп күтті. Әсіресе, еңбек ардагері Әбдіәмит Исаевтың шаңырағы отбасылық шығынымыз азаятын болды деп қуанды. Себебі, қыста 10 тоннадан астам көмір жағып, кемі 500 мың теңге қаражат жұмсайтын. Енді міне, қолымыз ұзарып, от жағып, күл шығару машақатынан құтылдық, - дейді, қария.