Түркістан
EN

Түркістандықтар жаңа жылды қалай қарсы алды?

74
03.01.2024

Жаңа жылды көпшілік сүйеді, қуана тойлап жатады.  Ал бәз біреулер мүлде бас тартқан. Негізі жаңа жылды тойлаудың қалыптасқан өз дәстүрі бар. Таласқа түскен мерекені түркістандықтар қалай қарсы алды? Жаңа жыл қарсаңында әріптестеріміз қаладағы көпшілік баратын орындарды аралап еді. Сауал жауабын сюжеттен көрейік!

Қала тұрғындары үшін мереке керемет өткендей. Әсіресе шырша безендіріп, мерекелік дастархан жаю қалыптасқан үрдіс. Ал ол үшін Түркістандағы орталық базар үздіксіз сауда жасады. Тұрғындар болса бар керегін алуға осында ағылған.  

Айта кетсек, мереке қарсаңында қала орталығындағы мұз сарайы да қолданысқа берілген еді. Жаңа жыл күні күні бұл нысанда халық қарасы тіпті қалың болды. 

31 желтоқсанда Керуен Сарай кешенінде де мереке тойланбай қалған жоқ. Керісінше арнайы концерттік шара өтіп, ән де, би де көрерменін тапты. Ал көпшілікті таң тамаша еткен мына су бұрқақтың бейнесі еді. 

Мерекені отбасында қарсы алғандарда жоқ емес. Барын дастарханға қойып, келер жылды жақындарымен күту де ұнамды әдіс.