Сайрам ауданындағы Ақсуабад, Шапырашты және Береке ауылдарына табиғи газ берілді. Елді мекен ішіне 46 мың шақырым газ құбыры тартылып, үй-үйге жеткізілді. Соның арқасында мыңнан астам шаңырақ көгілдір отынмен қамтылды. Ақсуабад елдімекенінің халқы қыста көмір жағып, күл шығару машақатынан құтылғанынан дән риза. Нысанды іске қосу барысында тұрғындарға газ қондырғыларын қолдану кезіндегі қарапайым қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Биыл Түркістан облысында 63 нысанның құрылысы аяқталып, 52 елдімекен тұрғындары көгілдір отынға қол жеткізді. Өңір халқының 63 пайызы көгілдір отынмен қамтылған. Қазірде аймақтағы 517 ауылдың тұрғындары табиғи газды тұтынып отыр.