Түркістан
EN

Шетелдіктен құны 2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйізі тәркіленді

81
28.12.2023

Шетелдіктен құны 2 млрд теңге болатын ақбөкен мүйізі тәркіленді. Күдікті 22 желтоқсан күні Қостанай облысында «Ақбөкен» жедел алдын алу шарасы кезінде ұсталды. Шетелдік азамат отырған "Toyota Alphard" автокөлігін полицейлер тоқтатқан. Тексеру кезінде көліктің жүксалғышында күдіктіге тиесілі үш жол сөмке табылды. Онда ақбөкен мүйізі түріндегі 916 дериват, 7,5 миллион теңге ақша болған. Болжам бойынша, күдікті мемлекетке шамамен 2 миллиард теңге шығын келтірген. Шетелдік азамат қазір уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүруде.