Түркістан
EN

Сарыағаштық әйел «Түрмедегі жазаны жеңілдету үшін» 300 мың теңге алған

91
28.12.2023

Сарыағашта алаяқтығы үшін бұрын сотты болған әйел тағы бір тұрғынды сан соқтырып кетті. Аудандық полиция бөліміне арызданған келіншектің айтуынша, таныс емес әйел түрмеде жазасын өтеп жатқан інісінің «жазасын жеңілдетіп беремін» деп уәде берген. Артынша 300 000 теңгесін алып, ізін суытқан. Қылмысты ашу мақсатында полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарын жүргізді. Көп ұзамай 37 жастағы күдікті тұрғылықты жерінен қолға түсті. Бірақ ол, олжалаған ақшасын өз қажеттілігіне жұмсап үлгерген. Сондай-ақ, күдіктінің бұдан басқа да құқық бұзушылыққа қатысы бар екені анықталып отыр.