Елімізде қызылша жұқтырған 2 бала көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрінің орынбасары – Бас санитар дәрігер Айжан Есмағамбетова айтты. Сәбилердің жасы бірге де толмаған. Шетінеген балалардың бірі шала туған. Ол бұған дейін де аурушаң болған және қызылша жұқтырған. Оқиға Астана мен Шығыс Қазақстан облысында болды. Бүлдіршіндер ауруға қарсы екпе алмапты. Себебі қызылшаға қарсы жоспарлы түрде егілу 1 жастан басталады. Айта кетсек, елімізде қызылшаға байланысты эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Сарапшылар вакцина салдырмаған балалардың қызылшадан көз жұмуы мүмкін екенін ескертеді.