Еліміздің басым бөлігінде күн құбылмалы болады. Солтүстік Қазақстанда бұрқасын, көктайғақ. Орталықта желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді. Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қалың қар жауады. Батыста жаңбыр, қар жауады. «Қазгидромет» мамандары бүгін күн жауын-шашынды болады деп ескертеді. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 20 метрге дейін жетеді.