Түркістан ресми түрде түркі елдерінің туристік астанасы атанды. Бастама бұған дейін рухани шаһарда өткен Түркі мемлекеттері ұйымының туризм саласы бойынша отырысында көтерілген еді. Кеңеске келген мемлекеттер өкілі VIII бейресми саммитте «Түркістанды түркі әлемінің рухани астанасы деп атау» туралы жарлыққа қол қойды. Айта кетсек, ресми мәртебе эстафета күйінде жалғасады. Бұл статусқа бұған дейін Әзербайжанның Шамахи қаласы ие болған. Енді міне «Шамахи – Түркі әлемінің туризм астанасы 2023» іс-шарасында ерекше статус Түркістан қаласына берілді.