Қазақстандық ұялы байланыс операторларына қатысты тергеу басталды. Себебі биыл олар тарифтік жоспарларын 7 пайыздан 57 пайызға дейін көтеріп жіберген. Мәселен, мамыр-шілде айлары аралығында ұялы байланыс операторлары 30-дан аса тарифтік жоспарда көрсетілетін қызметтердің құнын айтарлықтай көтерген. Осыған байланысты бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, «Kcell» мен «Beeline» ұялы операторларына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру шараларын жүргізуде.