Түркістан
EN

Бұрқасын салдарынан 114 елдімекен әлі де жарықсыз отыр

72
27.12.2023

Қостанай облысында қарлы боран кезінде жоғалып кеткен әйел мен оның 11 жасар немересінің денелері табылды. Әйел мен қыз Степной ауылынан тас жолға қарай шығып, жолай көлікпен Тобыл қаласына дейін жетпек болған екен. Оларды полиция, құтқарушылар, еріктілер іздестірген болатын. Сонымен қатар бүгін кинологтар да жұмылдырылған еді. Одан бөлек бұрқасын салдарынан Қостанай облысындағы 114 елдімекен жарықсыз қалды. Өңірдегі электр орталықтарын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бораннан тек облыс инфраструктурасы ғана емес қалааралық бағыттағы жолаушылар да зардап шеккен.