Түркістан облысында Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен "Қауіпсіз жаңа жыл" акциясы басталды. Мақсат-өңір аумағындағы базарларда және сауда-ойын-сауық орталықтарында пиротехникалық бұйымдарды сатудың заңдылығын тексеру. Яғни кәсіпкерлердің қауіпті заттарды сатуға рұқсатының бар-жоғын анықтау. Айта кетсек, пиротехникалық заттарды заңсыз саудалағандар 86 250 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеледі. Түркістан қаласындағы орталық базарда рейдтік іс-шара өткізген төтеншеліктер халықты мереке күндері қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырып, арнайы үнпарақтар таратты.