Қазақстан қызылша ауруы бойынша әлемде 1-орында тұр. Бүгінде елімізде осы бір кеселді жұқтырғандар саны 20 мыңнан асып кетті. Оның ең негізгі себебі ата-аналардың екпеден бас тартуы болса керек. Себебі науқастардың арасында екпе алмаған балалардың үлесі – 83,6%. Тіпті Шығыс Қазақстан облысында қызылшадан алты айлық сәби қайтыс болды. Бала әлі екпе жасына жетпегендіктен, вакцина алмаған. Аймақтар бойынша ауру жұқтырғандардың ең жоғары көрсеткіші оңтүстікте, дәлірек айтсақ Шымкент қаласында тіркеліп отыр. 100 мың тұрғынға шаққандағы 258 жағдай. Ал ең аз көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда - 100 мың адамға шаққанда 9 жағдай.