Түркістан
EN

Шымкент пен Түркістан облысында көміртегі тотығынан уланған екі адам қаза тапты

71
26.12.2023

Шымкент пен Түркістан облысында көміртегі тотығынан уланған екі адам қаза тапты. Екі жағдайда да мамандар газ құрылғыларын орнатуда кемшіліктер кеткенін анықтаған. Қайғылы жағдайдың бірі күні кеше Сарыағаш ауданында болды. 16 жастағы бойжеткеннің денесі жуыну бөлмесінен табылды. Ал, Шымкентте қаза тапқан 52 жастағы әйел «газға уланған болуы мүмкін» деген болжам айтылуда. Оқиға орнына келген авариялық бригада газ аспаптарын монтаждау шарттары бұзылғанын анықтады. Қайғылы жайт болған жерде су жылытқышы орнатылған. Мұржаның құбырының ұзындығы талаптарға сай болмағандықтан, улы газ ауаға таралуы мүмкін, - дейді мамандар.