Бүгін Үкіметтің биылғы жылғы қорытынды отырысы өтті. Жиында Премьер-Министр Әлихан Смайылов жылды қорытындылап, жақсы нәтижелер болғанын атап өтті. Үкіметте 2023 жылға арналған жоспарлы заң жобалары қаралып, Парламентке енгізуге ұсынылады. Сондай-ақ, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, экономика және бюджет, медиа, сондай-ақ әлеуметтік саладағы заңнамалық бастамаларды іске асыру бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды», - деді үкімет басшысы. Жалпы биыл инвестиция өсіп, инфляция төмендеген. Мәселен, биылғы жылдық инфляция - 10,3 пайыз. Ал, былтыр - 20,3 пайыз болған. Яғни, 2 есе төмендеген. Сондай-ақ,соңғы алты айда елге 13,3 миллиард доллар шетелдік инвестиция тартылған.