Дәрі-дәрмек қымбат, мүмкіндігі шектеулі жандарға құрмет аз. Түркістандық ерекше жандар көп жылдардан бері осындай қағажу көріп келеді. Бүгін Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов Түркістан тұрғындарымен кездесті. Басқосуда сала мамандары тұрғындардың әлеуметтік мәселелеріне құлақ асып, түрлі кеңес берді.