Түркістан облысы ауруханаларына 75 жаңа жедел жәрдем көлігі берілді. Барлығы да - су жаңа Hyundai маркалы көліктер. 4-ші санат бойынша жеңіл диагнозды науқастарға қызмет көрсететін автокөліктер аймақтың 17 аудан, қаласына теңдей бөлініп беріледі. Көліктердің кілтін жаңа жыл қарсаңында әр ауданның бас дәрігеріне облыс әкімі Дархан Сатыбалды өз қолымен табыс етті.