Түркістан
EN

Президент астаналық оқушының арманын орындады

97
25.12.2023

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа хат жазған астаналық оқушының арманы орындалды. 12 жастағы Кемел Жүсіпов Президентке хат жазып, оны әлеуметтік желіде жариялаған. Онда «Мен сізбен кездесуді және қолтаңбаңыз қойылған «Әке туралы ой-толғау» кітабын сыйлыққа алуды армандаймын»,-деп жазылған. Күні кеше Кемел Жүсіпов Instagram-дағы парақшасында Мемлекет басшысы өзінің арманын орындағанын айтып, жаңалығымен бөлісті.