Биыл пайдаланылмай жатқан 4 млн 600 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Қолданыстан қалған және заңнама талаптарына сәйкес келмейтін ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жұмыстары жалғасуда. 2022 жылдан бері 10 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті. Ал, биылғы жоспар - 5 млн гектар аймақты қайтарып, тиісті елді мекендерге беру. Осылайша жайылым тапшылығын жою.