Түркістан облысының Отырар ауданында ішімдіктен түбегейлі бас тартқан ауыл бар. Мұндағы дүкендерде алкогольдік өнім мүлдем сатылмайды. Той-томалақ та арақ-шарапсыз өтеді. Соның арқасында соңғы уақытта мұнда бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ал жастары спортқа бейім. Ынтымағы мен берекесі жарасқан елді мекенге әріптесім Нұрсұлтан Нәрзілда барып қайтқан болатын.