Жеті қат жердің астына түсіп кетсе де тауып алған. Алматылық полицейлер өз танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген күдіктілерді ұстады. Олар екі айға жуық уақыт өздері қазған інге тығылып жатқан. 22 және 33 жастағы екі ер адам Алматы – Астана тасжолынан 2 шақырым жерде орналасқан орынды қазып, сол жерде жасырынып жүрген. Онда күдіктілер өздеріне арнайы баспана жасап, тіпті тамақтанатын жерлеріне дейін сақадай сайлап қойған. Олар өздерінің танысын өлтіргендерін мойындады. Қазір күдіктілер қамауға алынды.