Түркістан
EN

Көлік аударылып, бір адам қаза тапты

111
22.12.2023

Төлеби ауданында көлік аударылып, бір адам қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы «Алматы-Ташкент-Термез» автожолының 719 шақырымында орын алды. Шымкент қаласынан Сарығаш ауданына шыққан "Toyota Camry" маркалы автокөлігі өзімен бір бағытта келе жатқан "Mersedes-Sprinter" жолаушылар көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан 70 жастағы микроавтобустың жолаушысы оқиға орнында алған жарақаттарынан қайтыс болды. Одан бөлек екі жүргізуші мен жолаушылар көлігінің 4 жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Құқық қорғау қызметкерлері болған оқиғаның мән-жайын анықтап, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.