Бұдан былай қазақстандықтардың мобильді аударымдары қадағаланады. Алғашқы болып назарға іліккен – мемлекеттік қызметкерлер. Қазірдің өзінде осы санаттағы 8 мың азаматтың деректері тексеріліп жатыр. Ал, алдағы уақытта жаппай халықтың ақша аударымы да бақылауға алынбақ. Ол қашаннан бастап күшіне енеді? Қандай жағдайда айыппұл арқалап, салық төлеуіңіз мүмкін? Әріптесім Айдана Дүйсенбаева анықтап көрді.