Түркістан
EN

Түркістан облысында 10 жасар бала бауырын өлімнен арашалап қалды

81
22.12.2023

Түркістан облысында 10 жасар бала бауырын өлімнен арашалап қалды. Оқиға Қазығұрт ауданы Жылыбұлақ елді мекенінде болған. Бір жасар Нұрмұхаммед үйінің ауласында ойнап жүріп, абайсызда әжетхана ойығына түсіп кеткен. Абырой болғанда, жағдайды дер кезінде анасы байқап, 10 жасар ұлы Нұралиді көмекке шақырады. Уақыт созбай, дереу беліне арқан байлап, анасының демеуімен тар тесіктен төмен түсіп кішкентай бауырын құтқарып алып шыққан. Батыр баланың ерлігі елеусіз қалған жоқ. Үлгі болар ісі үшін 4 сынып оқушысы Нұрали Құдыретұлына облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Асқар Дәулетбайұлы арнайы Алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат табыстады.