Түркістан қаласында бас шыршаның шамы жағылды. Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан бас шыршаның биіктігі 22 метр. Бұдан бөлек, биыл шырша қаладағы рухани-мәдени орталығы аумағында және Жеңіс саябағында орналастырылады. Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, биыл мерекелік безендіруге қаржы бөлінген жоқ. Өйткені бұрынғы бұйымдарын баптап ұстап, соларды кәдеге жаратып жатырмыз,- дейді жауапты мамандар. Ал шырша шамын жағу рәсіміне Түркістан қаласының әкімі қатысып, қала тұрғындарын құттықтады.