Түркістан
EN

Отшашу опық жегізбесін

154
21.12.2023

Жаңа жыл мерекесі жақындаған сайын барлық сауда дүкендері мен базарларда пиротехникалық заттар жаппай сатылуда. Бір қызығы, өңірде соңғы екі жылда отшашулардың кесірінен болған бірде-бір жазатайым оқиға тіркелмеген. Дегенмен, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері оны мейлінше сақтықпен қолдану керектігін ескертеді. Жаңа жылда отбасы боп отшашу жасағысы келген жандарға пиротехникалық заттарды тек лицензиясы бар арнайы рұқсат етілген орындардан алған жөн,-дейді мамандар.