Тараздық 63 жастағы кейуана аса ірі көлемде есірткі сатып, күдікті ретінде құрықталды. «Чели апай» деген лақап атпен белгілі тұрғын бұрын бірнеше рет сотты болған. Ал оның «Мака» деп, бүркеншек ат жамылған қызы осыдан бір жыл бұрын дәл осындай қылмысқа қатысы бары дәлелденіп, қазір түрмеде отыр. Бір батқан былыққа бірнеше рет батудан беті қайтпаған отбасының айылын жияр түрі жоқ сияқты. Жалпы елімізде есірткі сатып есіргендер азаяр емес. Осы жылы тәркіленген еліткіш заттың көлемі соңғы 6 жылда болмаған ең жоғары шегіне жеткен. Шамамен 37 тонна. Оның 1 тоннасы Түркістан облысына тиесілі. Бұл ретте өңір полицейлері есірткіге қолжетімділікті қысқартпаққа бекініп, профилактикалық жұмысты тұрақты түрде жүргізіп жатқандығын айтады. Толығырақ келесі бейнематериалда.